16 қазан 2018 | 22:29

Қазақстан футболшылары Андорра құрамасын ірі есеппен жеңді

© Тұрар Қазанғапов

Футболдан Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі төртінші ойында Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Андорраны 4:0 есебімен ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі төртінші ойында Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Андорраны 4:0 есебімен ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойындағы алғашқы голды 23-минутта Еркебұлан Сейдахмет соқты. Ресейдің "Уфа" клубында ойнайтын футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, шеберлігін танытты.

Реклама
Реклама

39 минутта Еркебұлан нәтижелі пас беріп, Бауыржан Тұрысбек есепті еселеді. Қостанайдың "Тобыл" клубында ойнайтын футболшы да негізгі құрамда алаңға шыққан болатын.

Станимир Стойлов жаттықтыратын ұлттық құрама үшін бұл жеңістің маңызы жоғары болды. Екінші таймда да екі гол соғып, қазақ жанкүйерлерін қуантты. 61 минутта Бауыржан Исламханның әуелете асырған добын Андорра қақпашысы сәтсіз қайтарып, өз қақпасына допты енгізіп алды. Бар-жоғы бірер минут ішінде екі сары қағаз алған Алаез қызыл қағаз алып, Андорра құрамасы 10 ойыншымен қалды. 70 минутта алаңға шыққан Роман Мұртазаев араға 4 минут сала есепті 4:0-ге жеткізді. Гафуржан Сүйімбаевтың әуелете берген добын баспен қақпа торында тулатты. 

"D" тобында төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен 2-орынға көтерілді. Көш басындағы Грузия құрамасының ұпайы түгел. Бүгін түнде грузиндер Латвиямен кездеседі.


Сурет Vesti.kz.Тұрар Қазанғапов©


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная