Қазақстан жастар құрамасы 94-минутта жеңіс голын соғып, топта екінші орынға шықты

Фото: ҚФФ©

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2021 іріктеу кезеңі аясында Израильді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2021 іріктеу кезеңі аясында Израильді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Назаретте өткен матч қазақстандықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

Есепті Қазақстан жастары ашты. Бірінші таймның соңында Елхан Астанов өз командасын алға шығарды. 

Реклама
Реклама

Израильдіктер матчқа қосылған қосымша уақытта есепті теңестірді - 91-минутта Итамар Швиро гол соқты. Бірақ қазақстандықтар жеңісті жұлып әкетті. 94-минутта Оралхан Өміртаев жеңіс голын соқты. 

Осы ойыннан кейін Қазақстан жастар құрамасы тоғыз ұпаймен іріктеу тобында екінші орынға шықты. Израильде сегіз ұпай бар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама