14 қараша 2021 | 04:11

Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең ірі жеңіліске ұшырады

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
© Reuters

Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай ұтылды. Бұл Қазақстанның ресми ойындардағы ең ірі жеңілісі болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай ұтылды. Бұл Қазақстанның ресми ойындардағы ең ірі жеңілісі болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтті. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды 8:0 есебімен тізе бүктірді. Матчте Килиан Мбаппе Франция сапындағы алғашқы покерін жасады. Одан бөлек, Карим Бензема екі гол соқса, Гризманн мен Рабьо да бір-бір голмен есепті еселеді. 

Реклама
Реклама

Осылайша, Талғат Байсуфиновтің шәкірттері іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді. Қазақстан сегіз ойында үш ұпай жинап, топты соңғы орынмен аяқтады. 

Айта кетейік, бүгінгі ойынға дисквалификация алған Бақтиер Зайнутдинов пен Ян Вороговский қатыспады. Сондай-ақ, матч алдында Георгий Жуков, Азат Нұрғалиев, Сергей Малый және Юрий Логвиненко жарақат алып, Парижге бара алмады. 

Енді қазақстандық футболшылар 16 қараша күні Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная