Қазақстан құрамасы Түркиядан 0-1 есебімен жеңілді

Қазақстан құрамасы Түркиядан 0-1 есебімен жеңілді ©oskemen.info

Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы кездесуінде Түркия футболшыларынан 0-1 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркия құрамасының шабуылшысы Арда Тұран екінші таймның 83 минутында гол соқты. Айта кетейік, қазақстандық футболды Самат Смақов 65 минутта жарақат алып, алаңнан дәрігерлердің көмегімен ғана кете алды. Ол капитан белгісін Бауыржан Исламханға беріп шықты. Ойын Алматы қаласының Орталық стадионында өтті. Матчты тікелей эфирде "Қазақстан" телеарнасы көрсетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы А тобында бір ұпаймен соңғы орында қалды, ал Түркия командасы сегіз ұпай алып, Нидерландыдан озып, топта үшінші орынға шықты. Алайда Нидерланды құрамасының алда бір ойыны бар.

Жарнама
Жарнама

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама