22 ақпан 2021 11:57

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік клубқа ауысты

Фото: ФК "Крылья Советов"

Қазақстан ұлттық құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов "Крылья Советов" футбол командасымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ұлттық құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов "Крылья Советов" футбол командасымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа командада ол 9-нөмірде ойнайды.

Өткен маусымда форвард "Қайрат" сапында 20 матчте он гол соғып, алматылық клубқа соңғы 16 жылда алғаш рет чемпиондық атақты алуға көмектесті. Сондай-ақ, ол Ұлттар Лигасы топтық 2020/21 кезеңінде Қазақстан құрамасында екі рет қарсылас команданың қақпасына гол салды.

Реклама
Реклама

Аралық маусымда ойыншы "Урал" назарында болды. Бірақ тараптар келісімшарт талаптары бойынша келісе алмады. Сондай-ақ, Туланың "Арсеналына" ауысу мүмкіндігі де болды, бірақ футболшы Ресей премьер-лигасында ойнағаннан гөрі "Крылья Советовтың" кепілдендірілген келісімшартына келісуді жөн көрген.

Самара клубы 26 турдан кейін Ұлттық футбол лигасында екінші орынға шығады. Бұл Ресей премьер-лигасына өтудің бірден-бір мүмкіндігі. Турнирдің аяқталуына 16 тур қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram