13 ақпан 2019 | 14:49

Қазақстан премьер-лигасындағы қымбат он футболшы

© kff.kz

Трансферлік құны бойынша Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат үш футболшы "Астана" сапынан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Трансферлік құны бойынша Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат үш футболшы "Астана" сапынан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, рейтингті 31 жастағы хорватиялық хавбек Марин Томасов бастап тұр, трансферлік құны - 3 миллион еуро. 

Реклама
Реклама

Екінші орынды Қазақстан құрамасының футболшылары Роман Муртазаев пен Дмитрий Шомко бөлісіп отыр. Трансферлік құны - 2,5 миллион еуро. Былтыр жазда ғана "Астананың" 25 жастағы шабуылшысы 1,2 миллионға бағаланған, ал 28 жастағы қорғаушының трансферлік құны өзгермеген -  сол кезде 2,5 миллион еуро болған. 



Тізімде төртінші Қазақстан құрамасының ойыншысы және "Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан - 2,3 миллион еуро. Бесінші орынды "Ордабасы" және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин мен Қазақстан тумасы, қазір Белорусь құрамасы мен қостанайлық "Тобыл" форварды Михаил Гордейчук бөлісіп отыр - 2 миллион еуро. 



Жетінші орында ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы, "Қайрат" сапындағы Исламбек Қуат, трансферлік құны 1,8 миллион. Оның соңында алматылық клубтың тағы бір футболшысы - украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола - 1,7 миллион еуро.

Тоғызыншы орында "Астананың" конголезиялық форварды Жуниор Кабананга, босниялық қорғаушы Марин Аничич және "Қайрат" пен құрама қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев тұр - 1,5 миллион еуро. 



Осылайша, рейтингте "Астананың" бес, "Қайраттың" төрт және "Тобыл" мен "Ордабасының" бір-бір футболшысы бар екен. Айта кетейік, Щеткин жақында шымкенттік командаға ауысты, ал оны "Астанадағы" ойыны арқылы бағалаған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная