11 маусым 2022 | 09:09

Қазақстан Ұлттар лигасындағы жеңіліссіз сериясын жалғастырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы матчында Беларусьпен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы матчында Беларусьпен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Кездесу Сербияның Нови-Сад қаласындағы алаңда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

13-минутта шабуылшы Абат Айымбетов биылғы маусымдағы үшінші голын соғып, Қазақстанды алға шығарды. Жартылай қорғаушы Ян Вороговский өз есебінен голдық пас жасады.

Реклама
Реклама

84-минутта Владислав Малкевич таразы басын теңестіргенше ұзақ уақыт табло өзгерген жоқ.

Осылайша, үш ойыннан кейін "С" тобындағы 3 себетте 7 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орында қалды. Екінші орында сырта алаңда Әзірбайжан құрамасын жеңіп, 6 ұпай жинаған Словакия құрамасы жайғасты. Ал қоржындарында 2 ұпайы бар Беларусь үшінші, 1 ұпайы бар Әзербайжан төртінші сатыда. 

Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Словкаияға қарсы өткізеді. Ойын 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында болады. 

Еске салайық, біз Беларусь құрамасына қарсы осымен алтыншы рет ойнады. Екі мәрте тең, төрт рет жеңілді. 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная