09 сәуір 2021 | 09:21

Қазақстандық футбол клубы Ресей чемпионатында ойнайды

© instagram/f.c.kairat

Ресейлік Кәсіпқой футбол лигасына (КФЛ) "Қайрат-Мәскеу" атты жаңа клуб қатысады, ол "Батыс" аймағында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік Кәсіпқой футбол лигасына (КФЛ) "Қайрат-Мәскеу" атты жаңа клуб қатысады, ол "Батыс" аймағында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Клуб өкілдері Алматыдан Мәскеу облысына аттанған, онда олар ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Турнирдің басталуы биыл тамызға жоспарланған.

"Қайрат-Мәскеу" Красногорскіде орналасады, өз алаңындағы ойындарын да сонда өткізеді. Команданы Кирилл Кекер жаттықтырады, оған Евгений Коструб пен Вадим Боровский көмектеседі.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, команданың негізгі ойыншылары "Қайраттың" дублі - "Қайрат-Жастар" сапынан құралады. "Қайрат-Жастар" қазір Қазақстан Бірінші лигасында ойнап жатыр. Бұл команданың негізгі футболшылары Ресейде ойнайтын клубқа ауысса, "Қайрат-Жастар" сапын академияның жас тәрбиеленушілері толтырады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная