21 мамыр 2021 | 12:36

Қазақстандық футбол клубы Ресей чемпионатында ойнайды

© instagram/f.c.kairat

Қазақстандық "Қайрат-Мәскеу" жаңа құрамы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсетеді. Құрам ресми түрде чемпионатқа қатысуға рұқсат алды. Бұл туралы "Қайрат" ФК сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық "Қайрат-Мәскеу" жаңа құрамы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсетеді. Құрам ресми түрде чемпионатқа қатысуға рұқсат алды. Бұл туралы "Қайрат" ФК сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Қайрат-Мәскеу" клубының директоры Антон Чистяковтың айтуынша, 18 мамырда клуб ресми түрде РФС кәсіби жарыстарына қатысуға рұқсат алған және жазда ранг бойынша үшінші жарысқа қатысады.

Команда Мәскеу облысы Красногорск қаласында тұрақтайды. Ойындар мен жаттығулар "Зоркий" стадионында өтеді.

Реклама
Реклама

"Құрамның бас бапкері біздің маман Кирилл Сергеевич Кекер болады. Кирилл Сергеевич - академияның табысты жаттықтырушыларының бірі. Оның басшылығымен әр жылдары біздің жастар Қазақстан чемпионаттарында, соның ішінде халықаралық турнирлерде медальдар жеңіп алды. Ойыншыларға келетін болсақ, негізгі рөлді "Қайрат" академиясының тәрбиеленушілері - 19-20 жас аралығындағы "Қайрат-Жастар" командасының ойыншылары құрайды", - деді "Қайрат" ФК бас директоры Марат Баймұханов.

Біріншіліктің басталу уақыты шамамен шілде-тамызға белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram