25 сәуір 2018 10:03

Комментатор Василий Уткин шешендерді ренжітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/realradioutkin © instagram/realradioutkin

Танымал ресейлік спорт комментатор Василий Уткин Instagram желісіндегі парақшасындағы жазбасын шешенстандық кейбір қолданушылардың "ренішті әрі қорлау" деп санағаннан кейін өшірді.


Танымал ресейлік спорт комментатор Василий Уткин Instagram желісіндегі парақшасындағы жазбасын шешенстандық кейбір қолданушылардың "ренішті әрі қорлау" деп санағаннан кейін өшірді.

Таяуда журналист Ресей премьер-лигасындағы мәскеулік "Спартак" пен грозныйлық "Ахмат" ойынының қорытындысы туралы пікір білдіре отырып, өз аккаунтында қойлардың арасында тұрған қара төбеттің суретін жариялаған еді. "Угловой. Штрафная "Ахмата". Зе Луиш", - деп жазды ол суреттің сипаттамасында. Ол онысымен шешенстандық футболшылар мен қара нәсілді "Спартак" шабуылшысын бейнелеген сыңай танытқан. 

Жазба авторын солтүстіккавказ республикасының жанкүйерлері дереу сынға алды. Оған жауап ретінде Уткин суретті өшірмейтінін, алайда сипаттамасын былай өзгертетінін айтты: "Угловой. Штрафная соперника. Зе Луиш. P. S. Мәтін Жер шарында бар ең құнды дүние үшін өзгертілді", - делінген өзгертілген нұсқада. 

 

"Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында Уткин өз әзілімен ешкімді ренжіткісі келмегенін және керек болса шешен жанкүйерлерінен кешірім сұрайтынын айтты. 

"Мен мәтінде жер шарындағы ең құнды дүние - өзара түсіністік үшін өзгерттім. Не үшін кешірім сұрауым керектігін сұрадым, алайда маған ешкім жауап бермеді. Егер маған түсіндіріп берсе - мен кешірім сұраудан қашпаймын. Ешқандай мәселе көріп тұрғаным жоқ", - деді ол. 

Кейінірек Уткин Instagram желісіндегі дау тудырған жазбасын мүлдем өшіріп тастады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети