ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2017 | 10:41
Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанды - телеарна
Мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанды, оған балаларды суррогат ата босанып берген. Бұл туралы Португалияның SIC телеарнасы хабарлады. Қыз бен балаға Матео және Ева деген есімдер берілген. Олар 8 маусымда дүниеге келіпті.

Футболшының өзі және оның өкілдері бұған қатысты әзірше пікір білдірген жоқ. Алайда көптеген португал және испан БАҚ-тары осы жаңалықты таратып жатыр. Айта кетейік, наурызда батыс БАҚ-тары АҚШ-та тұрып жатқан суррогат ананың таяуда босанатынын жазған болатын.
32 жастағы футболшының өзі аттас баласы бар. Ол алты жаста және әкесі сияқты футбол ойнайды. Бұл баланы оған да суррогат ана босанып берген еді.
Қазіргі уақытта португал ойыншысы испан қызы Джорджина Родригеспен көңіл қосқан. Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, ол да әйгілі футболшыдан бала күтіп жүр.
Показать комментарии
Читайте также