ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2020 | 10:44
Криштиану Роналду ерекше жетістікке қол жеткізді
Футболдан Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 34-турындағы "Лациомен" ойында тарихи жетістік жасады, - деп жазады Opta Sports Twitter желісінде.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Футболдан Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 34-турындағы "Лациомен" ойында тарихи жетістік жасады, - деп жазады Opta Sports Twitter желісінде.
Туринде өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Роналду дубль жасады (51 және 54-минутта). Римдіктер сапынан Чиро Иммобиле 83-минутта пенальтиді сәтті орындады.
35 жастағы португалиялық үшін бұл Италия чемпионатындағы 50 және 51-гол болды (өткен маусымда 21 және биыл 30).
Осылайша, Роналду бірден үш чемпионатта - АПЛ, Ла Лиге мен А сериясында 50 және одан да көп гол соққан бірінші футболшы атанды. "Манчестер Юнайтед" сапында ол АПЛ-дегі 196 ойында 84 гол салды, Испанияда "Реал" құрамында 292 ойында қақпаға 311 доп соққан.
Сонымен қоса, Роналду А сериясында 50 голды ең жылдам уақытта салған футболшы болып отыр. Ол үшін шабулшыға 61 матч қажет болды. Мұның алдындағы рекордсмен Андрей Шевченко 50-голын 68 ойында салған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также