ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 сәуір 2022 00:51
Криштиану Роналдудың ұлы қайтыс болды
Криштиану Роналдудың жаңа туған ұлы шетінеп кетті. Бұл хабарды оның өзі естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сәбиіміздің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Бұл - кез келген ата-ана үшін ең ауыр қайғы. Дүниеге келген қызымыз осы сынақты еңсеруге күш береді", - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.
Былтыр қазанда "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду егіздердің әкесі болатынын хабарлаған еді.
37 жастағы португалиялықтың төрт баласы бар: 2010 жылы туған Криштиану, 2017 жылы суррогат анадан туған Ева мен Маттео және 2017 жылы Джорджина Родригез дүниеге әкелген Алан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу