Криштиану Роналду 2018 жылы "Реалдан" кетуі мүмкін

Криштиану Роналду 2018 жылы "Реалдан" кетуі мүмкін

Мадридтік "Реалды?" шабуылшысы Криштиану Роналду осы маусым ая?тал?ан со? командадан кеткісі келеді. Б?л туралы португалиялы? ойыншы клубты? президенті Флорентино Переске айт?ан, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы El Chiringuito басылымына сілтеме жасап.

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду осы маусым аяқталған соң командадан кеткісі келеді. Бұл туралы португалиялық ойыншы клубтың президенті Флорентино Переске айтқан, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы El Chiringuito басылымына сілтеме жасап.

Бірақ Перес команданың негізгі футболшысын 2018 жылдың маусымында сатудан бас тартып отыр. Сондықтан да Роналдуға жаңа ұсыныс жасалған. Дегенмен ол ұсыныстан бас тартыпты.

Испаниялық тілшілердің мәліметі бойынша, Роналду "Реал" басшылары оны дұрыс бағаламайды деп санайды екен. Өткен жазда шабуылшы франциялық Килиан Мбаппені сатып алуды ұсынған. Бірақ клуб басшылары бұл өтінішті орындамаған. Міне, осы себептерге байланысты Роналду клуб басшыларынан көңілі қалып, команда ауыстырғысы келеді.

Реклама
Реклама

Оның үстіне өткен аптада "Реалдың" Неймарды сатып алуы мүмкін деген ақпарат та шықты. Бұл жаңалық та Роналдудың көңілінен шықпаған. Алайда кейіннен "корольдік клуб" бразилиялық шабуылшыны Роналдудың келісімшарты аяқталғаннан кейін ғана сатып алады деген мәлімет шықты.

Айта кетейік, Криштиану Роналдудың "Реал" клубымен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жасалған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама