ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 маусым 2017 17:05
Криштиану Роналдудың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Испания прокуратурасы салы? т?лемегені ?шін "Реалды?" шабуылшысы Криштиану Роналду?а ?атысы іс ?оз?ады, - деп хабарлайды Рейтер.
Испания прокуратурасы салық төлемегені үшін "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысы іс қозғады, - деп хабарлайды Рейтер.
Прокуратураның арызы Испанияның салық органдарының есебіне негізделген. Прокуратура 2011-2014 жылдар аралығы футбол жұлдызы 14,7 миллион еуро салықтан жалтарғанын анықтаған. Іс материалы бойынша, Роналду шынайы табысын жасыру үшін 2010 жылы жасағн "бизнес-құрылымды" пайдаланған.
Мұның алдында испаниялық БАҚ Роналдудан төленбеген сегіз миллион еуро өндіріліп, 12 ай түрмеге қамалуы мүмкін екенін жазған. Осыдан кейін португалиялық футболшы өз еркімен алты миллион еуроны төлегені хабарланған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу