27 мамыр 2021 15:10

Құрбан Бердыев "Қайратта" Боранбаевтың кеңесшісі болды

Фото: fckairat.com

Құрбан Бердыев "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі болды. Бұл туралы құрамның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрбан Бердыев "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі болды. Бұл туралы құрамның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман үш бағытта жұмыс істейді: негізгі құрам, клуб академиясы және "Қайрат-Мәскеу" жобасының жұмысын сүйемелдеу және кеңес беру.

"Жұмыс аралас режимде болады. Оқу-жаттығу кездесулері мен семинарларын өткізу үшін Алматыға тұрақты келу және онлайн форматта. Бүгін академия жаттықтырушылар құрамымен алғашқы кездесу өтіп, оның барысында U14 және U15 академия командаларының жаттығу процесіне талдау жасалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Құрбан Бердыев 1991 жылы Мәскеудегі жоғары жаттықтырушылар мектебін бітіріп, екі жыл "Қайрат" бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарған. 1994-1995 жылдары Алматы клубының бас бапкері болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram