"Қызыл-Жар" футбол клубы Конференция лигасында сенсация жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
"Қызыл-Жар" футбол клубы Конференция лигасында сенсация жасады ©ФК "Кызыл-Жар"

Петропавл қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Хорватиядағы қарымта матчте 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 62 минутында Гиорги Иванидзе есеп ашса, араға екі минут салып Мусса Коне таблодағы есепті еселеді.

"Астана Аренадағы" бірінші кездесуде хорватиялықтар 2:1 нәтижесімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркеліп, "Қызыл-Жар" жарыстың келесі кезеңіне шықты. Осылайша, өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстік қазақстандықтар жеке көрсеткіштерін жақсартты.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама