Лионель Месси екі баласының анасына үйленгелі жатыр

"Барселона" клубыны? шабуылшысы Лионель Месси модель Антонелле Рокуццо?а ?йленгелі жатыр. Б?л туралы 15 желто?санда Lenta.ru агенттігі The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлады. Той 2017 жылды? жоспарлан?ан.

"Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси модель Антонелле Рокуццоға үйленгелі жатыр. Бұл туралы 15 желтоқсанда Lenta.ru агенттігі The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлады. Той 2017 жылдың жоспарланған.

Салтанатты рәсімнің Аргентинаның Росарио қаласында өтуі мүмкін екені айтылады. Себебі Месси де, оның қалыңдығы да осы қалада туып-өскен екен. Оларды қыздың немере ағасы Лукас Скаглия таныстырыпты. Скаглиямен Месси әлі күнге дос.

Жұп 2008 жылы кездесе бастаған. Олар екі бала асырап отыр: төрт жасар Тьяго мен бір жасар Матео.

Реклама
Реклама

Месси мен Рокуццо көп уақыттан бері бірге болса да, БАҚ футболшыны басқа әйелдермен байланысы бар деп жиі жазып жүр. Мәселен, аргентиналық модель Хоана Гонсалес "Барселонаның" шабуылшысымен 2011 жылы кездескенін айтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама