Лионель Месси екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Испанияның мемлекеттік адвокаты "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиді салық төлемегені үшін екі жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, - деп хабарлайды Euronews.

Сот алдына футболшының өз әкесі Хорхе Мессимен бірге келетіні айтылады. Салықшылардың мүддесін қорғаушы мемлекеттік адвокат футболшыны 22 айға бас бостандығынан айыруды талап етті. Алайда әзірше сот тыңдауының нақты мерзімі аталмай отыр.

Еске салайық, осыған дейін прокуратура "Барселона" ойыншысын әкесінің алаяқтығына қатысы жоқ деп тауып, барлық айыпты алып тастаған болатын. Ал оның әкесін прокурор бір жарым жылға соттауды және екі миллион евро көлемінде айыппұл талап етіп отыр. Ал Месси болса қарызын түгелдей қазынаға өткізіп, тіпті шығын ретінде келген өтемақысын да асырып өндіріп үлгеріпті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама