26 маусым 2022 | 14:18

Мадридтік "Реал" сапына футбол жұлдызы ауысуы мүмкін

Фото: Reuters

Англиялық "Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салах жазғы трансфер кезеңінде мадридтік "Реалға" ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Англиялық "Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салах жазғы трансфер кезеңінде мадридтік "Реалға" ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

The Sun басылымының мәліметінше, "Бенфика" шабуылшысы Дарвин Нуньес "Ливерпульге" ауысқаннан кейін мерсисайдтықтар қазіргі келісімшартының соңғы жылын аяқтап жатқан Салахпен 70 миллион еуроға қоштасуға дайын. Мысырлық ойыншыға басты үміткер - мадридтік "Реал".

Бұған дейін "Ливерпуль" сапынан сенегалдық шабуылшы Садио Мане кеткен еді, ол германиялық "Бавариямен" келісімшарт жасасқан болатын.

Реклама
Реклама

Салах өткен маусымдағы барлық турнирде 51 матч өткізіп, 31 гол мен 15 нәтижелі пастың авторы атанған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram