16 сәуір 2021 | 13:48

Магомед Адиев қарағандылық "Шахтердің" бапкері болды

Магомед Адиев. Фото: ©РИА Новости

"Анжи" мен "Ахмат" футбол командасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қарағандылық "Шахтердің" тізгінін ұстады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Анжи" мен "Ахмат" футбол командасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қарағандылық "Шахтердің" тізгінін ұстады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист және инсайдер Айдын Қожахметтің мәліметі бойынша, 16 сәуірде Магомед Адиев Нұр-Сұлтанға келген. Ол келіссөздер сәтті өткенін айтты.

Жаттықтырушы лауазымына үміткерлер тізімінде қарағандылық Владимир Никитенко, Вадим Евсеев және Илиан Илиев болды.

Реклама
Реклама

10 сәуірде "Шахтер" Әли Әлиевтің отставкаға кететінін хабарлаған. Футболдан Қазақстан чемпионатының бес турында команда бірде-бір ұпай жинамай, турнир кестесінде соңғы, 14-орында тұр.

Айта кетейік, жанкүйерлер "Атырау" футбол клубының басшылығы мен бапкерінің отставкаға кетуін талап еткен еді. Бұл команда да 2021 жылғы Қазақстан чемпионатын сәтсіз бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная