"Манчестер Юнайтед" ойыншысы Поль Погба Меккеге барды

"Манчестер Юнайтед" ойыншысы Поль Погба Меккеге барды © Twitter

"Манчестер Юнайтед" клубының француз жартылай қорғаушысы Поль Погба қасиетті Рамазан айында Сауд Арабиясына барды. Ол командасы Еуропа Лигасында жеңімпаз атанғаннан кейін үш күн өткен соң Меккеге келді. 

Футбол тарихында ең қымбат ойыншы саналатын 24 жастағы спортшы Instagram мен Twitter желілеріне сапарынан суреттер мен видеолар жариялады. Қолданушылар да спортшыны суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап жатыр. 

Жарнама
Жарнама

Суреттерден атақты футболшының Қағбаға қарап тұрған суретінде "Өмірімде көргендердің ең ғажабы" деп сипаттама жазылған. 

Погба шағын қажылыққа келген (умра). Умра - жылдың кез келен уақытында Меккеге барып, Аллаға құлшылық етіп, қажылық жасау. Умра - қажылық секілді мұсылманның парызына жатпайды, бірақ ұмра жасаған мұсылман сауапқа ие болады, сондықтан ұмраны сүннетке жатқызады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама