"Манчестер Сити" футболшысы "Челсиге" қарсы ойында жарақат алғанын айтты

@REUTERS

"Манчестер Сити" футболшысы Кевин де Брейне "Челсиге" қарсы Чемпиондар лигасының финалында мұрыны мен бет сүйегі сынғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Манчестер Сити" футболшысы Кевин де Брейне "Челсиге" қарсы Чемпиондар лигасының финалында мұрыны мен бет сүйегі сынғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сенбіде португалиялық "Драгау" стадионында өткен матчта ағылшын клубтары кездесіп 1:0 есебімен "Челси" топ жарған болатын. Кевин де Брейн екінші таймның басында "Челси" қорғаушысы Антонио Рюдигермен қақтығыстан кейін алаңнан кеткен еді.

"Жаңа ғана ауруханадан келдім. Маған мұрын және орбитальды бет сүйегінің сынуы диагнозы қойылды. Жағдайым бірқалыпты. Кешегі күннен көңілім қалды, бірақ біз қайтып ораламыз", - деп жазды 29 жастағы бельгиялық Twitter-парақшасында.

Реклама
Реклама

Өткен аптада де Брейн 11 маусымда басталатын Еуропа чемпионатына дайындық үшін Бельгия құрамасының кеңейтілген құрамына кірді. Бельгиялықтар - Ресей командасының топтық турнирдегі қарсыластары.

Бұған дейін лондондық "Челси" футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Ситиді" жеңгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная