17 сәуір 2016 15:49

"Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Риа Новости © Риа Новости

Португалиялық маман Жозе Мауриньо "Манчестер Юнайтед" командасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Sports.ru  Bild басылымына сілтеме жасап.


Португалиялық маман Жозе Мауриньо "Манчестер Юнайтед" командасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Sports.ru  Bild басылымына сілтеме жасап.

Неміс басылымының мәліметінше, португалиялық маман "Манчестер Юнайтед" футбол клубымен 2019 жылға дейін келісімшарт жасасты. Келісім осы маусым аяқталған соң ғана күшіне енеді. Қазіргі "МЮ" футбол клубының бас бапкері Луи ван Гал қызметінен кетеді.

Моуриньюның басты мақсаты "ПСЖ" футбол клубының форварды Златан Ибрагимович болды. Бұған дейін Ибрагимович "МЮ" командасына ван Гал қызметінен кеткен жағдайда ғана ауысатынын айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Моуриньо 2015 жылдың соңында ағылшындардың "Челси" клубынан кеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети