ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мамыр 2022 | 09:07
Марадона футболкасы рекорд сомаға сатылды
Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Диего Марадонаның футболкасы Sotheby's аукционында рекорд сомаға, 9,28 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Диего Марадонаның футболкасы Sotheby's аукционында рекорд сомаға, 9,28 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.
Бұл футболкада Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатында Англия құрамасының қақпасына "Құдай қолы" деп аталып кеткен допты соққан. Бұған дейін ол Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Стив Ходжға тиесілі еді, ол кездесуден кейін футболкасын аргентиналықпен ауыстырып алды.
Бұл келісім спорттық атрибутика үшін рекорд сомаға жабылды. Сатып алушының аты жария етілмеді.
Марадона "Барселона", "Наполи" және "Ньюэллс Олд Бойз" командаларындағы ойынымен танымал. Аргентина құрамасы сапында 1986 жылы әлем чемпионы атанды. Аргентина футбол тарихындағы ең үлкен ойыншылардың бірі саналады. Ол 2020 жылдың қарашасында 60 жасында жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.
Бұған дейін алты дүркін чемпион Майкл Джорданның ойын кроссовкалары Sotheby's аукционында 1,47 миллион долларға (624 миллион теңге) сатылған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также