26 қараша 2020 | 10:11

Марадонаның өлім алдындағы соңғы сөздері жарияланды

Диего Марадона. Фото: clarin.com©

Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы және жаттықтырушысы Диего Марадонаның соңғы сөздері жарияланды. Todo noticias телеарнасының мәліметінше, футболшы өлім алдында өзін жайсыз сезінгенін айтқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы және жаттықтырушысы Диего Марадонаның соңғы сөздері жарияланды. Todo noticias телеарнасының мәліметінше, футболшы өлім алдында өзін жайсыз сезінгенін айтқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Марадона ол кезде үйінде жиені Джонни Эспоситомен, психологпен және мейіргермен болған.

Реклама
Реклама

"Жағдайым онша емес" деген екен бұрынғы футболшы таңғы астан кейін.

Содан олар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенде ол дем ала алмай жатқан. Өкінішке қарай, кейінірек Диего Марадонаның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны айтылды. 

Атақты футболшы 60 жаста еді. Марадона 25 қарашада, сәрсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.000-да) Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі - инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная