ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қаңтар 2019 | 16:39
Мәселе ақшада емес, мен мұнда бай болып келдім - Станимир Стойлов Қазақстандағы жұмысы жайлы
Станимир Стойлов күтпеген жерден Қазақстан құрамасын жаттықтыруды тоқтатты. Оның келісімшартының аяқталуына әлі бір жыл бар еді, алайда, оны мерзімінен бұрын тоқтатуға бапкердің өзі сұраған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Станимир Стойлов күтпеген жерден Қазақстан құрамасын жаттықтыруды тоқтатты. Оның келісімшартының аяқталуына әлі бір жыл бар еді, алайда, оны мерзімінен бұрын тоқтатуға бапкердің өзі сұраған.
Қазақстанда өткізген бес жылдан кейін, оның төрт жылы "Астана" үшін ең сәтті болды, бапкер туған елі - Болгарияға оралады. Vesti.kz порталына берген сұхбатында болгариялық маман барлық сұрақтарға ашық жауап берген.
Станимир Стойлов Қазақстан құрамасындағы жұмысың неліктен тоқтатқаны туралы айтты.
"Баспасөз мәслихатында да айтқанмын. Басшылық сұраса, ертеңінде кетемін деп. Бұл басшылық бастамасы, мен бірден келістім. Жақсы қарым-қатынаста қоштастық. Мен кезінде себебін түсіндірмей-ақ айтсаңыздар болғаны, мен кете беремін дегенмін", - деді футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері.
Сонымен қатар, ол ел арасында тарап жатқан "Ұлттар лигасында жүлдеге ілінбесе келісімшарт тоқтатылады деген шарт болғаны жайлы" - қауесеттер туралы пікір білдірді.
"Жоқ, олай емес. Екі жылдық келісім, ешқандай ерекше шартсыз. Менің сұрауыммен оны кез келген уақытта үзуге болатыны туралы бап кіріктірілді. Мұны біріншіден, Қазақстаннан жақсы атпен кетуді қаладым.
Екіншіден, Қазақстанда өмірі ақша туралы ғанан әңгіме жүреді. Ақша үшін ғана келді деп ойлағанын қаламадым. Мұнда ақшасыз келгенім жоқ. 19 жыл футбол ойнадым, 10 жыл бапкер болып келдім. Қазақстанға келгенге дейін жетістіктерім боды- Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасының ширек финалы, үш-төрт рет ел чемпиондығы, ел Кубогы бар.
Қазақстан футболына көмектесіп көрейін дедім. "Астанамен" ел аралап жүргенде адамдарда құрамаға қашан көмектесесіз деген сұрақ болды", - дейді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.
Уалихан Қосанбай
Показать комментарии
Читайте также