15 маусым 2021 | 15:52

Матчте жүрегі тоқтап құлаған Эриксен жағдайын айтты

Камила Долаева Журналист
Фото ©REUTERS

Дания құрамасының 29 жастағы футболшысы, Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған  Кристиан Эриксен Instagram-да ауруханада түскен суретін жариялап, жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дания құрамасының 29 жастағы футболшысы, Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған  Кристиан Эриксен Instagram-да ауруханада түскен суретін жариялап, жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәріңе сәлем, бүкіл әлемнен жазып жатқан жүрек тебірентер, таңғажайып тілектер мен хабарламаларыңызға көп рақмет. Бұл мен үшін және менің отбасым үшін маңызды. Болған жағдайға қарамастан, жағдайым жақсы. Әлі ауруханада тексеруден өтуім керек, бірақ мен өзімді жақсы сезінемін. Келесі матчтерде Дания құрамасының жігіттеріне жанкүйер боламын", - деп жазды Эриксен.

Реклама
Реклама

Еске салайық, ЕURO-2020 турнирінің сенбідегі Дания және Финляндия арасындағы матчінде Эриксеннің жүрегі тоқтап қалып, алыңда құлаған еді. Футболшыға бірден көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная