ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 наурыз 2021 10:03
Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстанға келмейді
Франция лигасы мен клубтары матчтен кейін елге қайтып оралғанда бес немесе одан да көп күн карантинде жатпауы үшін футболшыларды Еуропалық Одақ пен Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жердегі ойындарға жібермеуге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты француз командаларының барлық ойыншысы, соның ішінде ПСЖ-дан Килиан Мбаппе 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстанға келмейді.
Бастапқыда Франция құрамасының тәлімгері Дидье Дешам Мбаппені Қазақстанмен матчке қосқан болатын.
Айта кетейік, 31 наурызда қазақстандық команда Киевте украиналықтармен ойын өткізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу