Месси әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан ӘЧ-2014 ойындарында ең үздік ойыншыға берілетін "Алтын доп" иегері атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Лионель Месси ӘЧ-2014 ойындарында 7 матч өткізді, оның төртеуінде гол соқты (біреуі пенальти). Турнирдің ең үздік шабуылшысы - Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес "Алтын бутсы" иегері атанды. Ол 5 матчта 6 доп соқты. 

"Алтын қолғап" Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойерге бұйырды. Бразилиядағы мундиальда әлем чемпионаты атағын иеленген құраманың қақпашысы 7 матчта 4 доп қана жіберіп алған. 

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, Германия құрамасы Бразилияда өткен футболдан ӘЧ-2014 ойындарының финалында қосымша уақытта Аргентина құрамасын жеңді. Кездесудің 114-минутында соғылған голдың авторы Марио Гетце осы матчтың үздік ойыншысы атанды. 

Сонымен Германия құрамасы әлемнің төрт дүркін чемпионы болды. Бұған дейін немістер 1954,1974,1990 жылдары чемпион болған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама