ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қыркүйек 2020 | 09:22
Месси "Барселонада" тағы бір маусымға қалуы мүмкін - БАҚ
Лионель Месси "Барселонада" тағы бір жылға қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Marca.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Лионель Месси "Барселонада" тағы бір жылға қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Marca.
Басылымның мәліметінше, бұл "Барселона" президенті Хосеп Бартомеудің футболшыны командадан сатқысы келмейтініне байланысты. Ол ойыншыны сату командаға тиімсіз болғандықтан, Мессиді жібергісі келмейді. Сондықтан Месси келісімшартты тек сот арқылы бұза алады. Бірақ футболшыға бұл нұсқа ұнамайды екен. Басылым журналистері Месси тағы бір маусымға қалады деп болжап отыр.
Бұған дейін Лионель Месси "Барселонадан" басында айтылған 700 миллион еуро емес, 100 миллион еуроға сатылуы мүмкін екені хабарланған.
Месси Чемпиондар лигасының 1/4 финалында "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілген соң "Барселонадан" кеткісі келетінін айтқан еді. Өткен маусымда каталониялық клуб барлық турнирде жеңіліп қалған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также