21 тамыз 2020 | 09:33

Месси жаңа бас бапкерге "Барселонадан" кеткісі келетінін мәлімдеді - БАҚ

Фото: Reuters©

"Барселона" футболшысы Лионель Месси жаңа бас бапкер Рональд Куманға болашағын клубта елестете алмайтынын айтты. Бұл туралы RAC1 радиостанциясы анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Барселона" футболшысы Лионель Месси жаңа бас бапкер Рональд Куманға болашағын клубта елестете алмайтынын айтты. Бұл туралы RAC1 радиостанциясы анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ойыншы бас бапкерге Чемпиондар лигасының ширек финалында германиялық "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілген соң клубтағы жағдайға көңілі толмайтынын және өзін "Барселонадан" тыс көретінін айтқан. 

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, аргентиналық футболшы командадан кеткісі келсе, қандай қиындықтарға тап болатынын түсінеді. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың жазында бітеді. Ал Куман Мессиге "Барселонадағы" стратегиясы туралы айтқан. 

Клуб 33 жастағы Мессидің келісімшарты барын және ойыншының Куманмен кездесуін бағаламайтынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, 57 жастағы Куман каталониялық клубтың тізгінін 19 тамызда ұстаған - бапкер екі жылдық келісімшарт жасасты. Футболшы ретінде ол "Барселонада" 1989-1995 жылдар арасында ойнаған, ал 1998-1999 жылдары көмекші болып жұмыс істеген. 

Куманға дейін "Барселонаны" 61 жастағы Кике Сетьен жаттықтырған. Ол "Бавариядан" ірі есеппен жеңілген соң командадан кеткен болатын

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная