ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2021 | 08:18
Месси жетінші мәрте "Алтын доп" жүлдесін алды
Парижде жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" марапатын тапсыру рәсімі өтті. Жетінші рет беделді марапатты Аргентина құрамасының 34 жастағы шабуылшысы және "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Лионель Месси жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ал "Барселона" хавбегі Педро үздік жас ойыншы атанды. Жылдың үздік шабуылшысы атағына "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски лайық деп танылды. Жыл футболшысы "Барселонаны" сапында ойнайтын испаниялық Алексия Путеляс болды. "Жылдың үздік қақпашысына" арналған Лев Яшин сыйлығы ПСЖ-лық Джанлуиджи Доннаруммға бұйырды.
2021 жылы Месси Аргентина құрамасымен бірге Америка Кубогының жеңімпазы атанды. Ол осы маусымды ПСЖ құрамында өткізеді. Форвард карьерасының үлкен бөлігін "Барселона" құрамында өткізді. Каталониялықтармен бірге ол Чемпиондар Лигасын төрт рет жеңіп, он рет Испания чемпионы атанды. Өткен маусымда ол 50 матч өткізіп, 40 гол соқты.
Бұған дейін Лионель Месси каталониялық "Барселонаға" оралғысы келетіні туралы айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также