Месси мен оның командаластары БАҚ-қа бойкот жариялады

© AMK Spor - Sözcü

Аргентина ??рамасыны? капитаны Лионель Месси 2018 жыл?ы ?лем чемпионатыны? іріктеу кезе?індегі Колумбиямен (3:0) ?ткен ойыннан кейін жергілікті БА? ?кілдеріне бойкот жариялады.

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Колумбиямен (3:0) өткен ойыннан кейін жергілікті БАҚ өкілдеріне бойкот жариялады.

"Біз бұдан былай баспасөз өкілдерімен байланысқа түспеуді ұйғарып отырмыз. Бізді ұзақ уақыт бойы айыптады, құрметтемеді, бірақ біз үндемедік. Бұлай болғанына өкінеміз, алайда басқа амалымыз қалмады", - деп мәлімдеді Месси.

The Telegraph басылымының мәліметінше, бұл мәлімдеме ұлттық командадағы 25 ойыншының атынан жасалған. Олар да баспасөз мәслихатына қатысқан. 

Реклама
Реклама

Месси бұл әрекетін "журналистердің ойыншылардың бірінің жеке өміріне қол сұғушылығымен" түсіндірді. Айта кетейік, осы аптажа аргентиналық БАҚ-тарда шабуылшы Эсекьель Лавесси жаттығулардың бірінде есірткі қолданған деген ақпарат тараған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама