14 тамыз 2021 | 11:03

Месси ПСЖ клубында қашан дебют жасайтыны айтылды

Фото: Gavelle©

ПСЖ клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 1-лиганың екінші турында "Страсбурмен" ойнамауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПСЖ клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 1-лиганың екінші турында "Страсбурмен" ойнамауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

La Parisien газетінің дерегінше, аргентиналық спортшы әлі толық дайын емес, сондықтан оның дебюті 29 тамызға дейін жоспарда жоқ. 

10 тамызда Месси ПСЖ-мен екі жылға келісімге отырды. Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған. Яғни шарт мерзімі - екі жыл, бірақ оны кейін тағы бір жылға ұзартуға болады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін "Барселона" 34 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеген. Бұл испан лигасының ережесінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты екені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram