Месси Роналдудың ұлылығын мойындады

© Sportbox

Каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси туриндік "Ювентус" клубының сұрмергені Криштиану Роналдудың ойын сапасы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси туриндік "Ювентус" клубының сұрмергені Криштиану Роналдудың ойын сапасы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Месси "Ювентусты" осы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге лайықты команда деп есептейді екен. Аргентиналық футболшының айтуынша, туриндіктер Роналду келмей тұрып та мықты болған, алайда оның келісімен команда айтарлықтай күшейген. 

Сондай-ақ, Месси мадридтік "Реал" - әлемдегі ең мықты командалардың бірі екенін, алайда оларға Роналдудың жетіспейтіндігі анық екенін айтады. Аргентиналық Испания чемпионаты аясында португалиялық сұрмергенмен қарсы ойнаған күндерін сағынатынын жеткізді. 

Реклама
Реклама

Осы маусымда Роналду "Ювентус"сапында 23 ойынға қатысып, 13 гол салды және бес рет нәтижелі пас шығарды. Португалиялық футболшы "Реалдан" туриндік клубқа биыл жазда 112 миллион еуроға ауысты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама