ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 сәуір 2019 09:25
Мессидің жалғыз голы "Барселонаға" Испания чемпионы атағын берді
"Барселона" өз алаңында "Леванте" командасын жеңіп, 26-рет Испания чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.
"Камп Ноу" стадионында болған ойын 1:0 есебімен "Барселона" жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 62 минутта Лионель Месси соқты.
Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда "Барселона" 83 ұпай жинап, екінші келе жатқан мадридтік "Атлетиконы" тоғыз ұпайға озды. Командалардың ұпайы тең болған жағдайда да, турнир аяқталған соң каталон клубы қосымша көрсеткіштер бойынша жоғары орналасады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу