Неймар "Барселонадан" кететін болды - БАҚ

Неймар "Барселонадан" кететін болды - БАҚ © sport-express.ru

Бразилиялы? Esporte Interativo басылымны? жазуынша, Неймар франциялы? "Пари Сен-Жермен" клубына ?туге келісім берген. Сонымен бірге, басылым ойыншыны? Париж клубыны? формасында?ы суретін фотошоп ар?ылы жасап та ?ой?ан, - деп хабарлайды Eurosport.

Бразилиялық Esporte Interativo басылымның жазуынша, Неймар франциялық "Пари Сен-Жермен" клубына өтуге келісім берген. Сонымен бірге, басылым ойыншының Париж клубының формасындағы суретін фотошоп арқылы жасап та қойған, - деп хабарлайды Eurosport.

Басылымының жазуы бойынша, Неймар "Барселонада" Мессидің көлеңкесінде жүргендіктен ауысуға келіскен-мыс. Неймардың ауысатыны туралы қауесетті бразилиялық тағы бір басылым - Lance ары қарай жалғастырып, мұндай шешімге "ПСЖ" клубының ойыншысы Дани Альвес себеп болғанын жазған. 

Мұның алдында Ди Марцио ПСЖ клубы Неймар үшін 222 миллион еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Алайда "Барселонаның" вице-президенті Жорди Местре бразилиялық форвардтың париждік клубқа ауысатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама