Неймар "Барселонаны" тағы да сотқа берді

Неймар "Барселонаны" тағы да сотқа берді Неймар. Фото: Reuters

Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар каталониялық "Барселонаны" тағы да сотқа берді. Бұл туралы El Mundo жазады. 

Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар каталониялық "Барселонаны" тағы да сотқа берді. Бұл туралы El Mundo жазады. 

Жаңа арызда 27 жастағы бразилиялық футболшы "Барселонадан" төленбеген жалақысы мен келісімшартты ұзартқанда берілетін бонусы үшін 3,5 миллион еуро талап етіп отыр. 

Бұған дейін де Неймар "Барселонадан" ақша өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Ол кезде футболшы клубтан 43,6 миллион еуро сұраған болатын. Неймар каталониялық клубқа оралу үшін арызын қайтарып алуға да дайын болған деген ақпарат шыққан, бірақ бұл трансфер жасалған жоқ. 

Реклама
Реклама

Бразилиялық футболшы "Барселонада" 2013 пен 2017 жылдар арасында ойнаған еді. 

Осы маусымда Неймар ПСЖ сапында барлық турнирде 10 матч өткізіп, жеті гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама