15 мамыр 2021 | 18:00

Неймарға Бразилияда қарулы шабуыл жоспарлады деген айып тағылды

Неймар. Фото: dynamo.kiev.ua©

Бразилиялық саясаткер әрі жыныстық азшылықтардың құқығын қорғаушы Агрипино Магальяеш франциялық "Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының футболшысы Неймарды қарулы шабуыл жоспарлады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Р-Спорт сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бразилиялық саясаткер әрі жыныстық азшылықтардың құқығын қорғаушы Агрипино Магальяеш франциялық "Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының футболшысы Неймарды қарулы шабуыл жоспарлады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Р-Спорт сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Магальяэш Сан-Паулу сотына шағым жазған. Ол Неймардың гомофобиялық-мыс әрекеттері туралы өзінің бірнеше репортажынан кейін футболшыға айып тақты. Магальяэш Неймардың адвокаты Дави де Пайва Коста Тангеринаны да айыптады.

Ол Неймар мен адвокатынан "өмірі үшін қорыққанынан" жасырынуға мәжбүр екенін мәлімдеді және "оның бұйрығымен тоналғанын" айтты. Магальяэш қорқыту шындыққа айналып кетеме деп мекенжайын өзгерте беретінін де айттты.

Реклама
Реклама

Енді Магаляэш миллион реал (155 мың еуродан аса) мөлшерінде өтемақы өндіргісі келеді.

Сондай-ақ, материалда Неймар достарымен әңгімесінде анасының бұрынғы жігітін қорлағаны туралы айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная