Нидерланды - Мексика және Коста-Рика - Грекия матчтарын қайдан көреміз?

©SONY

Бүгін, яғни 29 маусым күні Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңінің екінші күні өтеді, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

1/8 финалының үшінші кездесуінде Нидерланды мен Мексика құрамалары ойнайды. Астана уақытымен 22.00-де басталатын бұл ойынды "Еуразия бірінші арнасы" тікелей эфирде көрсетеді. 

Ал, 02.00-де Коста-Рика мен Грекия кездесуі болады. Бұл кездесуді тікелей эфирде "Қазақстан ұлттық арнасы" мен KazSport арналары тікелей таратады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Бразилия жерінде өтіп жатқан әлем чемпионаты 12 маусымда басталып, 13 шілдеде мәресіне жетеді. Әлем чемпионатында топ жарған құрама 35 миллион доллар алады. Ал, екінші орын алған команда 25 миллион алса, үздік үштіктің қатарынан көрінген ұжым 22 миллион доллар алады. 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама