ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2021 | 17:06
Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелес: футболшылар полицияға жеткізілді
Нұр-Сұлтанда футбол алаңындағы жаппай төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда футбол алаңындағы жаппай төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, төбелес 11 қыркүйекте Тұран даңғылындағы "Сайран Арена" футбол алаңында SanSet және "Барыс" әуесқой клубтары арасындағы матч кезінде болған.
"Ойын кезінде жанжал шығып, арты төбелеске айналды. Полицияға бұл факт бойынша ешқандай мәлімдеме түспеді. Алайда жанжалға қатысушының бәрі анықталып, Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар шешім шығару үшін сотқа жіберілді", - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Оқиғаға қатысушылармен "профилактикалық әңгіме" жүргізілгені айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда футболшылар арасында жаппай төбелес болып, салдарынан бір ойыншы басынан соққы алып, есінен танып қалғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также