21 сәуір 2019 14:59

"Ол ойынды жиі еске ала бермеймін". Аршавин "Ливерпульге" қарсы ойындағы покер жайлы

Андрей Аршавин. Сурет "Қайрат" ФК баспасөз қызметінен

Алматылық "Қайрат" футбол клубының намысын қорғаған Андрей Аршавин бұрындары "Арсенал" сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде ағылшын премьер-лигасының ойынында "Ливерпуль" қақпасына төрт гол салғаны туралы есіне түсірді. Бүгін, 21 сәуірде, Энфилд стадионында Аршавин салған покерге он жыл болады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Спорттық мансабымдағы үздік ойын болды ма?. Нәтижесі бойынша және memory бойынша да, барлық адамдар үшін, - иә. Ал футбол тұрғысынан - әрине жоқ. Ол ойын туралы айтарлықтай еске ала бермеймін, бірақ соңғы үш айда сол матч туралы маған жиі еске салып жүр. Шынымды айтсам, бұл жағдайды ештеңемен түсіндіре алмаймын. Сол ойында барлығы сәтімен болды", - деді Аршавин "360" телеарнасына берген сұхбатында

Реклама
Реклама

Айта кетейік, сол ойында 2008/2009 маусымында "Ливерпуль" - "Арсенал" кездесуі 4:4 есебімен аяқталды. 

Аршавин спорттық мансабындағы соңғы клуб алматылық "Қайрат" болды. Ол 2016-2018 жылдар аралығында алматылық клубтың намысын қорғап, жалпы 108 ойынға қатысып, 30 гол салып, 37 нәтижелі пас шығарды. "Қайрат" құрамында Ресей құрамасының экс-капитаны үш рет күміс жүлдегер атанып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубокты жеңіп алды. 

37 жастағы Аршавин 2018 жылы қарашада спорттық мансабын аяқтады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram