Педофилия үшін сотталған белгілі футболшы өлімнен қорқып, ислам дінін қабылдамақ

© Eurosport

М?ндай амал?а ол ?зін ?лтіретіні туралы ?ор?ытулар естігеннен кейін барып отыр.

Мұндай амалға ол өзін өлтіретіні туралы қорқытулар естігеннен кейін барып отыр.

Англия құрамасы мен "Сандерленд" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Адам Джонсон жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін алты жылға сотталған болатын. Енді ол өлімнен құтылу үшін, ислам қабылдамақшы, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты The Sun баслымына сілтеме жасап.

Түрмеде 30 жастағы Джонсонмен бірге отырған өзге сотталушылар оны бауыздайтынын айтқан екен. Оған қорған болуға дайын жалғыз топ - мұсылмандар ғана. Сол үшін енді ол ислам дінін қабылдамақ. 

Реклама
Реклама


Джонсон азғырған 15 жастағы зардап шеккен футбол жанкүйері.

16 маусымда Джонсонның қорқытып-үркітулерге байланысты басқа түрсмеге ауыстыруды сұрағаны белгілі болған. 

2016 жылдың наурызында Джонсон кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсу және кәмелетке толмағанды азғыру бойынша айыпты деп танылған. Бұрынғы футболшы 15 жастағы жанкүйер қызды тек ернінен сүйгенін мойындап, жыныстық қатынасқа түспегенін айтады. Осы жағдайдан кейін "Сандерленд" онымен келісімшартты үзген. 

Ал Англия құрамасы үшін Джонсон 12 матч өткізіп, екі рет гол соққан. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама