ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2022 | 07:32
ПСЖ командасы Зиданмен келісімге келе алмай жатыр
ПСЖ командасы әлі де франциялық маман Зинедин Зиданмен келісімге келе алмай жатыр. Бұл туралы журналист Ромен Молина мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ПСЖ командасы әлі де франциялық маман Зинедин Зиданмен келісімге келе алмай жатыр. Бұл туралы журналист Ромен Молина мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Осы аптада Зидан ПСЖ ұсынған келісімшарттан бас тартқан. Бірақ париждік команданың катарлық қожайындары осы маманды бас бапкер етіп тағайындауға ниетті.
Ал ПСЖ командасының кеңесшісі Луиш Кампуш болса клубтың бас бапкері ретінде "Ниццаны" жаттықтырып жүрген Кристоф Гальтьені көргісі келетінін айтып жатыр.
Осыған дейін бірнеше беделді дереккөз Зиданның ПСЖ бас бапкері атанып, әлемдегі ең көп жалақы алатын маман болады деген ақпарат шыққан еді.
Айта кетейік, 49 жастағы Зидан 2016-2018 және 2019-2021 жылдар аралығында "Реал" командасын жаттықтырды. Оның бастамасымен мадридтік клуб үш мәрте Чемпиондар лигасын жеңді. Сонымен қатар екі рет Испания чемпионы атанды.
2021 жылдың жазынан бастап Зидан жұмыссыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также