ПСЖ Роналдуға 45 миллион еуро ұсынып отыр - БАҚ

© REUTERS

Французды? "Пари Сен-Жермен" "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду?а жылды? табысы 45 миллион еуро болатын келісімшарт ?сыну?а дайын, ал мадридтік клуб?а  португалиялы? футболшыны? трансфері ?шін 150 миллион еуро бермекші, - деп хабарлайды Р-Спорт порталы As басылымына сілтеме жасап. 

Француздық "Пари Сен-Жермен" "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналдуға жылдық табысы 45 миллион еуро болатын келісімшарт ұсынуға дайын, ал мадридтік клубқа  португалиялық футболшының трансфері үшін 150 миллион еуро бермекші, - деп хабарлайды Р-Спорт порталы As басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Роналду ПСЖ-мен келісімшарт жасасатын болса, онда оның табысы "Барселонадағы" Лионель Мессидікімен теңеседі екен. Осыған дейін Роналду "Реалдан" кететіні жайлы айтып қалған еді. "Корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес португалиялық футболшымен келісімшарт 2021 жылға дейін толтырылғанын айтады. 

ПСЖ Роналдумен келісімшарт жасасу үшін командадағы сұрмерген Эдисон Каванимен, Гонсало Гедешпен және жартылайқорғаушы Анхель Ди Мариямен қоштасуға дайын екенін жеткізді. 

Реклама
Реклама

Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысып келген. "Корольдік клубтың" сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама