"Қайрат" бас директоры клубқа "Спартак" ойыншысының келу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді

"Қайрат" футбол клубының бас директоры Марат Баймұханов ресейлік жартылайқорғаушы Александр Самедовтың алматылық командаға ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайрат" футбол клубының бас директоры Марат Баймұханов ресейлік жартылайқорғаушы Александр Самедовтың алматылық командаға ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда мәскеулік "Спартак" Самедовпен келісімшартты үзді, кейінірек БАҚ өкілдері Исаэльдің кетуіне байланысты "Қайрат" ресейлік футболшыға қызығып отыр деген мәлімет таратақн еді. 

"Ондайды мүлде естімеппін. Күн сайын қауесеттер көбейіп жатыр. Осы жағдайды ресейлік журналистер даурықтырып отырған секілді", - деді Баймұханов Championat.com порталына берген сұхбатында. 

Реклама
Реклама

34 жастағы Самедов спорттық мансабында "Локомотив", "Москва", "Динамо" және "Спартак" сапында өнер көрсетті. "Ақ-қызылдар" сапында ол Ресей чемпионы атанды және елдің Суперкубогын иеленді. Ресей құрамасы үшін 53 кездесу өткізіп, 7 гол салған. 

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама