"Қайрат" ФК "Абердин" командасымен тең ойнады

© "Қайрат" ФК

Бүгін алматылық "Қайрат" командасы Еуропа лигасының үшінші квалификациялық раундының аясында Шотландияның "Абердин" командасымен қарымта кездесуде тең ойнап плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Есеп 1:1. Бірінші голды ойынның 59-шы минутында "Қайраттың" ивауар форварды Жерар Гоу салды. Алаң иелері 84-ші минутта есепті теңестіре білді. "Абердин" футболшылары бұл голды айып добынан кейін соға алды. Гол авторы - Кенни Маклин. 

Кездесу Абердин қаласындағы "Питтодри" стадионында өтті. Матчты тікелей эфирде "Қайрат" ФК сайты таратты. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Алматыда өткен бірінші кездесуде Владимир Вайсстың шәкірттері 2:1 есебімен жеңген еді.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама