"Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алмады

"Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алмады © Massaget.kz

"Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясындағы қарымта матчта "Қайрат" клубы француздың "Бордо" командасынан 2:1 есебімен жеңді. Алайда екі ойынның қорытындысы бойынша, алматылық команда француз клубына есе жіберіп қойды.

Кездесудің алғашқы минутында-ақ қазақстандық клуб ойыншылары алға озды. "Бордо" ойыншылары 48-ші секундта өз қақпаларына автогол соғып алды. Ал кездесудің екінші таймында Исламбек Қуат екінші голды соқты. Алайда "Бордо" ойыншылары есеп айырмасын қысқарта білді.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама