"Қайрат" футбол клубының ойыншысы Исламбек Қуат алаңда полицейлермен ерегісіп қалды

© "Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубының ойыншысы Исламбек Қуат алаңға жүгіріп шығып, полицейлермен ерегісіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы қаласының Орталық алаңында жергілікті "Қайрат" пен шымкенттік "Ордабасы" командаларының арасында өткен матчтан кейінгі болған оқиғаның видеосы пайда болды. 15 маусымда өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ойын барысында алматылықтар қақпасына екі доп жіберіп алған.

Ақтық ысқырықтан кейін алаңға трибунадан "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Исламбек Қуат жүгіріп шыққан. Ол ойынға сары қағаздың көптігінен қатыспаған.

Реклама
Реклама

Полицейлер ойыншыны ұстады. Тәртіп сақшылары бұл дауға қақпашы Владимир Плотников араласқан соң да Қуатты жіберуден бас тартты. Айта кетейік, бұл дауды тек бірнеше футболшы мен алматылық клубтың қызметкерлері тоқтата алды.

Ескерту, видеода былапыт сөздер айтылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама